Маңғыстау жаңалықтары
Тренд

Маңғыстауда әйел адам облыстық әкімдікке пышақ алып кірмек болды

Маңғыстауда әйел адам облыстық әкімдік ғимаратына пышақ алып кірмек болды. Бұл оқиға туралы ақпарат 9 қарашада әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады aishyq.kz.

Белгілі болғандай, әйел адам кішкене пышақ алып кірген және күзет оны тартып алмақ болған кезде тілік жарақатын алған. Жағдай туралы Instagram парақшасында қоғам белсендісі және блогер Диляра Турина жазды.

Оның айтуынша, оқиға 6 қарашада болған. Азаматшаға медициналық көмек көрсетіліп, ұсақ бұзақылық туралы хаттама толтырылған.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиға фактісін растап, бұл жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 4-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама жасалғанын хабарлады. Сот шешімімен әйел жауапқа тартылып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Маңғыстау облысының әкімдігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button