ЖаңалықтарҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда 145 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

Республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облыстық прокуратураның үйлестірумен, Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД 5-басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды aishyq.kz.

Мұнайлы ауданы Маңғыстау-3 ауылының маңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында үш әйел болған. Жедел іс-шаралар барысында олардың бірінен синтетикалық есірткіге ұқсас заттар, сондай-ақ құтыдағы сұйықтық анықталды.

Сонымен қатар іргелес аумақты тексеру барысында синтетикалық есірткіге ұқсас зат салынған пакет табылды.

Кейінгі тергеу амалдары барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекенжайынан есірткі заттарын тұтынуға арналған құралдар, сондай-ақ 19 zip-lock пакет тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген синтетикалық есірткі заты — α-PVP, жалпы салмағы 144,86 грамды құрады.

Күдіктілердің біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button