Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстау облысының перзентхана мен жедел жәрдем станцияларының басшылары аттестациядан өте алмады

Еліміздегі перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел жәрдем станцияларының әрбір бесінші басшысы мен орынбасары аттестацияның шекті балын жинай алмады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады, деп жазады aishyq.kz.

Ауқымды аттестацияның компьютерлік тестілеу форматындағы алғашқы кезеңі 1 қазанда басталған. Қазіргі уақытта еліміздің 15 өңірінен 235 адам тексеруден өтті. Бұл жоспарланған қатысушылардың жалпы санының 72,1 пайызы.

Тағы 47 адам (20 пайыз) қажетті балды жинай алмады. Олардың 25-і – басшы, 22-сі – орынбасар. Сонымен қатар 27 адам тестілеуге келмеген.

Ең төмен нәтиже көрсеткен қатарында Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Теріс нәтиже көрсеткендердің жартысынан астамы (55,3%) осы үш өңірге тиесілі екен.

Кәсіби құзыреттілікке аттестаттау қағидаларына сәйкес, тестілеуден теріс нәтиже алған қатысушылар әңгімелесуге жіберілмейді және алты айдан кейін қайта аттестаттаудан өтуі тиіс. Тестілеу 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button