Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Жетібаймұнайгаз» ұжымымен кездесу өткізді

2 қараша күні «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық және қала, аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «Жетібаймұнайгаз» мекемесіне барып, ұжыммен кездесу өткізді. Кездесуге кандидаттар Анар Шамшадинова, Шолпан Ильмуханбетова, Қайырғали Қалмұқанов, Қыйлымғали Көшенов, Зарета Фаталиева, Қанат Байбақов қатысты.
Іс-шара аясында кандидаттар Мемлекет басшысының Жолдауының маңызын түсіндіріп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кандидат Шолпан Ильмуханбетова Жолдауда айтылған экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, отандық өндірісті қолдау және шағын, орта бизнесті дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.
«Экономиканың дамуы қарапайым халықтың тұрмысынан көрінуі тиіс. Яғни, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, азаматтардың тұрақты табыспен қамтамасыз етілуі, бағаның тұрақтылығы және кәсіпкерліктің дамуы маңызды. Бүгінде еліміз үшін экономиканы тек бір салаға тәуелді етпей, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм сияқты бағыттарды қатар дамыту қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау маңызды. Себебі шағын және орта бизнес – экономиканың қозғаушы күштерінің бірі. Кәсіпорындар көбейген сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті бюджетке түсетін түсім де артады. Біздің ортақ мақсатымыз – экономикасы тұрақты, азаматтарына еңбек етуге және дамуға мүмкіндік беретін мемлекет қалыптастыру», — деді Шолпан Ильмуханбетова.
Бұдан бөлек кандидаттар медицина, білім, инфрақұрылым мәселелерін тілге тиек етті. Іс-шара соңында кездесуге жиналған қызметкерлер әр деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлерге ұсынысын жолдап, сұрақтарына тұщымды жауап алды.
«Әділет» партиясы
Маңғыстау облысының
Сайлау қорының қаражатынан төленді







