ЖаңалықтарҚоғам
Каспийдегі оқиғадан аман қалған сарбаз жазба жариялады

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Никита Удалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады aishyq.kz.
«Қиын сәтте қолдау көрсетіп, жылы сөздерін арнап, жанашырлық танытқан барша туған-туысыма, жақындарыма және достарыма шын жүректен алғыс айтамын. Жнымнан табылған әр адамға ризамын», — деп жазды ол.
Никита Удалов қаза тапқан сарбаздардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, оларға сабыр тіледі.
Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Каспий теңізінде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде жел күшейіп, 17 әскери қызметкерді суға батып кеткен еді. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.



