ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Каспийдегі арнайы операция: бес адам ұсталып, 109 келі есірткі заты тәркіленді

Каспий теңізінің акваториясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі халықаралық есірткі арнасының жолын кесті. Арнайы операция барысында бес адам ұсталып, 109 келі есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды aishyq.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қарашада Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментпен бірлесіп, есірткі тасымалына қатысы бар күдіктілерді ұстау операциясын жүргізген.

Оқиға кезінде қудалаудан жүзу құралымен жасырынуға әрекет жасаған үш шетелдік азамат қолға түскен. Сонымен қатар жағалау аумағында Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.

Тексеру барысында 22 келі апиын, 27 келі гашиш және 60 келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ шағын көлемді жүрдек катер алынған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button