Маңғыстау жаңалықтары

Кандидаттар «Батысгеофизсервис» ұжымымен кездесті

Бүгін «Әділет» партиясынан Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Батысгеофизсервис» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым міндеттерге тоқталды.

Атап айтқанда, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын әртараптандыру мәселелері сөз болды.

«Өндіріс саласының тұрақты дамуы ең алдымен еңбек адамының әл-ауқатына байланысты. Сондықтан қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, олардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру – маңызды міндеттердің бірі. Партияның сайлауалды бағдарламасында жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге, отандық өндірісті қолдауға және тұрғындардың табысын арттыруға ерекше мән берілген», – деді Сәбит Ұлықпан.

Жиын соңында кандидаттар ұжым өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.

Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;

Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button