«Харекет» қоры тоғыз жылда 1800-ден астам отбасын баспаналы етті

«Харекет» қайырымдылық қоры өзінің 9 жылдық мерейтойына орай 50 отбасына баспана кілтін табыстады.
Аталған қор осы уақыт ішінде 1800-ден астам отбасының баспаналы болуына көмектескен көрінеді.
Қайырымдылық ұйымы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың жеке тұрғын үйге қол жеткізуіне мүмкіндік беріп келеді. Қор өкілдерінің айтуынша, бұл нәтижеге көпшіліктің қолдауы мен ел азаматтарының жанашырлығының арқасында қол жеткізілген.
Осы уақыт ішінде қор талай отбасының тұрмысын жақсартып қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін нығайтуға үлес қосқан.
Баспанаға мұқтаж жандарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстарға қайырымдылық жасаушылар мен еріктілер де атсалысып отыр. «Харекет» қоры игі бастамаларын жалғастырып, көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауды жалғастыра бермек. Өз кезегінде қор өкілдері осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен барша азаматқа алғыс білдірді.



