ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Форт-Шевченко қаласының 180 жылдық мерейтойы тойланбайды: Қаражат қаза болған әскерилердің отбасына беріледі

Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Түпқараған ауданының әкімдігі, аудандық мәслихат, ардагерлер, Қоғамдық кеңес, қоғамдық ұйымдар мен аудан жұртшылығы қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды aishyq.kz.

Қайғылы жағдайға байланысты аудан тұрғындары 2-3 қазан күндеріне жоспарланған Форт-Шевченко қаласының 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуден бас тартты.

— Мерейтойлық іс-шараларға бөлінген демеушілік қаражатты қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына аудару туралы шешім қабылданды, — деп жазылды Түпқараған ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button