Барлық жаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

Елімізде фастфуд пен тәтті сусындардың жарнамасына шектеу енуі мүмкін

Қазақстанда балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майы көп тағамдардың жарнамасын шектеу ұсынылды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай өнімдерді телеарна, радио, әлеуметтік желі және сыртқы жарнама арқылы насихаттауға қатысты заңнамалық шектеулер енгізуді қарастырып отыр.

Министрліктің дерегінше, бастаманың негізгі мақсаты — жарнаманың балалардың тамақтану таңдауына әсерін азайтып, ерте жастан дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Зерттеулерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстандағы 6-9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызы артық салмаққа ие болса, 6 пайызы семіздікке шалдыққан. Ал жасөспірімдердің 17,5 пайызы энергетикалық сусындарды аптасына кемінде бір рет тұтынады.

Министрлік ұсынылып отырған шаралар белгілі бір тағам түрлеріне тыйым салуға емес, олардың балалар арасындағы жарнамасы мен насихатын шектеуге бағытталғанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған. Ал 2025 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында қант пен тұз мөлшерін азайтып, көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерін көбейтуге бағытталған жаңа тамақтану стандарты қолданысқа енгізілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button