«Әділет» партиясының кандидаттары «Mediana» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Ақтау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Mediana» мекемесінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылады.
Кездесу тақырыбын елдің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект технологияларын енгізу, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті дамыту және қалалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерімен сабақтастыруға болады.
– Қазақстанның цифрлық мемлекетке айналуы – заман талабы. Бүгінде цифрлық технологиялар экономиканың барлық саласына еніп, еңбек нарығына, білім беру мен медицинаға, кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ақтау қаласында да «ақылды қала» тұжырымдамасын дамыту, қоғамдық көлік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерін цифрландыру, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру маңызды. Сонымен қатар жастардың цифрлық сауаттылығын жетілдіруге, IT саласындағы мамандарды даярлауға және инновациялық бастамаларды қолдауға басымдық берілуі қажет. Цифрландырудың түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, уақытын үнемдеу және ашық әрі тиімді басқару жүйесін қалыптастыру, — деді Қанат Байбахов.
Жиын соңында қатысушылар сұрағын қойып, ұсыныс пікірін жеткізді.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.






