ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Жаңаөзендегі мектептің күйі білім беруге қолайлы ма?

Жаңаөзен қаласындағы №6 мектептің қазіргі жағдайы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан білім ордасының едені ескіріп, ағаш тақтайлары тозғаны, қабырғаларының бояуы кеткені және кей тұстарының сынғаны көрінеді. Сондай-ақ мектеп әжетханасының жағдайы да сын көтермейді: кафельдері бүлінген, ал унитаздардың арасы бөлінбеген, деп жазады aishyq.kz. 

Жарияланған бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, мектептің материалдық-техникалық жағдайына қатысты сұрақтар туындатты.

Жауапты мекемелердің бұл мәселеге қатысты түсініктемесі әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button