ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Тұмау, қызылша: Маңғыстауда балалар ауруханасына тәулігіне 140-160 бала жүгінеді

Маңғыстауда балалар арасында ЖРВИ мен қызылшаға шалдығу деректері көбейді. Өңірде көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне тәулігіне 140-160 бала келеді, деп хабарлайды aishyq.kz.

Олардың 20-30-ы стационарға жатқызылады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігінде дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бас ауруы, мұрынның бітелуі мен құрғақ жөтел байқалады. Кейбір балалардың қызуы дәрі ішкеніне қарамастан бірнеше сағат бойы сақталады. Науқастар санының артуына байланысты қабылдау бөлімінде екі дәрігер кезекшілікпен жұмыс істеп жатыр.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мәліметінше, қазір инфекциялық бөлімде 136 бала емделуде. Оның 20-ға жуығына қызылша диагнозы қойылған. Тағы 25 бала ішек инфекциясына қарсы ем алуда. Қалғандары пневмония және тұмау сияқты тыныс жолдарының ауруларымен түскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button