Балқашта жол-көлік оқиғасы түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда Mercedes-Benz көлігінің дөңгелегінен ұшқын шығып, жол бойындағы бірнеше көлікке соғылғаны көрінеді, деп жазады aishyq.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға 18 қараша күні болған. Mercedes-Benz көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан Toyota Camry және Changan CS75 көліктерімен соқтығысқан.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



