ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд
«Бізге жылу берілсін!»: Ақтаулықтар тағы да автокөлік жолын жапты

Ақтаулықтардың айтуынша, жылыту маусымы әлдеқашан басталса да қала толық жылу желісіне қосылмаған. Осы мәселеге шағымданған 35 шағынаудан тұрғындары наразылықтарын білдіріп, автокөлік жолын жапты, деп жазады aishyq.kz.
«35 шағынаудан 18 және 21 үйлерде жылу әлі жоқ. Жылыту маусымы 15 қазан басталды, күн суытты, ал біз әлі жылусыз отырмыз. Бізге жылу керек»,— дейді тұрғындар.
Қала әкімі Мақсат Мұқаш оқиға орнына келіп, жылуды жақын арада беруге уәде етті. Оның айтуынша, мәселенің барлығы мердігерлерлің көппәтерлі тұрғын үйлерді әкімдік балансына тапсырмауынан туындаған.



