«Біз үшін өлді ма?: Қаралы күні TikTok-та қоғамдық тәртіпті бұзған Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир анықталды. Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, «қаралы күн, біз үшін өліпті ма?» деген қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Polisia.kz-тің мәліметінше, онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл және Бақдәулет Мустафа қатысқан.
Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту беріліп, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.



