Азия ойындары: Қазақстан жалпы есепте төртінші сатыға жайғасты
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының үшінші күнінен кейін Қазақстан құрамасы әзірге жалпы командалық медаль кестесінде төртінші орында тұр, деп хабарлайды aishyq.kz.
Қазақстан спортшыларының қоржынында 12 медаль бар. Оның ішінде 6 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлде бар.
Үшінші жарыс күнінде ММА спортшылары Еркінғали Бүркіталин мен Қадырбек Шынбаев алтын медаль жеңіп алды. Ал каратэшілер Белла Самашева мен Нұрқанат Ажықанов қола жүлдеге ие болды.
Медаль кестесінде Қытай 32 алтынмен көш бастады. Екінші орында — Жапония, оның қоржынында 11 алтын, 16 күміс және 19 қола медаль бар. Үшінші орында Оңтүстік Корея келеді (6 алтын, 4 күміс және 17 қола).
Қазақстан 6 алтын медаль жеңіп алғанымен, күміс жүлде саны бойынша Оңтүстік Кореядан кейінгі орынға тұрақтады.
Бестікті Таиланд қорытындылап, бұл елдің спортшылары қазірге дейін аталған турнирде 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған.
Айта кететін жайт, 19 қыркүйекте басталған Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.



