ЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Атыраулық оқушылардың pinduoduo-дан алдырған лотос тұқымы тұтас алқап боп өсті

Атыраулық оқушылардың Қытайдың маркетплейсінен алдырған лотос тұқымдары тұтас алқапқа жайылып өсті, деп хабарлайды aishyq.kz сайты. 

2024 жылы 11 жастағы Шаттық Хами мен 12 жастағы Айым Жанкелді тұрғылықты мекенжайларының жанындағы су айдынына лотос тұқымдарын отырғызған. Қытайдан тапсырыспен алдырылған тұқымдарды алғашында үй жағдайында өсіруді жоспарлаған. Алайда бұл мүмкін болмаған соң, оқушылар тұқымды табиғи ортаға отырғызуды ұйғарған.

Нәтижесінде 2025 жылы өсімдіктің алғашқы жапырақтары шықса, биыл лотостар алғаш рет гүлдеді.

Оқушылардың бастамасымен жүзеге асқан тәжірибе «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының назарына ілікті.

Қазір Атырауда қытайлық мамандардың қатысуымен лотос өсіру бойынша тәжірибелік жоба басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button