ЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтарыҚоғам
Атыраулық оқушылар 500 мың теңгесі бар әмиянды тауып алып полицияға тапсырды

Алан есімді атыраулық оқушы достарымен бірге ішінде қомақты сомасы бар әмиянды тауып алып, полиция қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Бұл оқиғаны полиция қызметкері әлеуметтік желіде видео арқылы жеткізді.
— Балалар ақшаны бөліп алмай, тығып қоймай, сол айналадағы полиция қызметкерлеріне тапсырған. Ақша иесіне қайтарылды. Бұл оқиғада 11-12 жастағы балалардың адалдығы, полицияға сенімі көрінді. Ата-аналары жақсы тәрбие берген екен. Ақшасын жоғалтып алған тұрғын балаларға алғысын білдіріп жатыр, — деген видеода полиция қызметкері.



