Ақтаулық «балықшы» жаңбыр суынан жиналған көлден «балық аулаймын» деп айыппұл арқалады

Ақтауда су басқан көшеде Chevrolet Cobalt-тың жүргізушісі көліктің төбесіне шығып, балық аулап жатқандай кейіп танытып видео түсірген. Оның бұл әрекеті полицейлердің назарына ілікті, жол скқшылары оған үш бап бойынша 86 500 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Өткен демалыс күндері толассыз жауған жаубырдан Ақтаудың кейбір көшелері су астында қалды. 7 қарашада 17 және 18А шағынаудандардың арасындағы жолда ер адам өз көлігінің төбесіне шығып, балық аулап жатқандай кейіп танытып видео түсірген. Ролик Instagram желісінде белсенді түрде таралып талқыланды.
Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, Chevrolet Cobalt көлігін 24 жастағы ер адам басқарған. Тексеру нәтижесінде ол ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
434-баптың 1-бөлігі — ұсақ бұзақылық;
612-баптың 2-бөлігі — көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік басқаруы;
590-баптың 9-бөлігі — міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару.
Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша сот шешімімен ер адамға 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.



