ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Ақтаудағы иесіз иттер мен мысықтарды асырайтын орын барын білесіз бе?

Ақтауда иесіз қалған иттер мен мысықтарды қамқорлығына алып, бағып отырған орын бар. Қазір мұндағы жануарларға күтім жасау үшін тұрғындардың көмегі қажет. Жануарларға жаны ашыған ақтаулық тұрғын aishyq.kz редакциясына хабарласты.

Тұрғын жолдаған бейнежазбада 50-ге жуық мысықты көруге болады. Оның айтуынша, жануарларға ең алдымен құрғақ жем мен шұжықтар (сосиска) қажет.

     «Бүгін осындай керемет жерге барып келдім. Оларға құрғақ жем мен сосискалар қажет. Көмектесуге мүмкіндігі бар жандар қолдау көрсетсе екен. Мен өз қолыммен бірнеше жатын орын жасап апардым. Мүмкін, басқа да адамдар осындай төсек жасап бергісі келетін шығар. Олар кез келген көмекті қуана қабылдайды», – дейді қала тұрғыны.

Жануарларға көмектесу үшін:
+7 (702) 574-13-20 (Динара)

Басқа жаңалықтар

Back to top button