Маңғыстау жаңалықтары
Тренд

Ақтауда жүк көлігі теміржол өткелінде тепловозға соғылды

Маңғыстауда теңіз портына апаратын теміржол өткелінде МАЗ жүк көлігі тепловозға соғылып, апатты жағдай тіркелді. Белгілі болған дерек бойынша, аталған жүк көлігінің жүргізушісі теміржол құрамына жол бермеген көрінеді.

Аталған оқыс оқиға 2 қараша күні сағат 16:55 шамасында күзетілмейтін әрі реттелмейтін теміржол өткелінде болған. Тепловоз сағатына шамамен 5 шақырым жылдамдықпен бос бағытта келе жатқан. ҚТЖ АҚ баспасөз қызметі оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелмегенін мәлімдеді.

Жол апатының салдарынан локомотивке техникалық зақым келген. Оқиғадан кейін бірден Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабар берілген.

     «Жол-көлік оқиғасына жүк көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болып отыр», — деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте «Қазақстан темір жолы» АҚ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде мұқият болуға, жол белгілері мен сигнал талаптарын сақтауға және теміржол көлігіне жол беруге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button