ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары
Ақтауда ыстық су қап-қара: тұрғындар жуынуға мүмкіндік жоқ екенін айтады

Ақтауда тұрғындар ыстық судың сапасына шағымданды. Олардың айтуынша, краннан аққан судың түсі қап-қара әрі жағымсыз иісі бар. Мұндай жағдайда жуыну мүмкін емес екенін айтқан тұрғындар мәселенің қашан шешілетінін білгісі келеді, деп хабарлайды aishyq.kz.
Тұрғындардың сөзінше, ыстық судың түсі мен иісі күмән тудырады. Олар суды күнделікті тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға алаңдап отыр.
«Ыстық су қап-қара болып ағады. Су лас, жағымсыз иісі бар. Мұндай сумен жуыну мүмкін емес. Кейде тіпті бұл да жоқ. Осыған да зар болып қаламыз», – дейді тұрғындар.
Қазірдің өзінде тұрғындар үшін ыстық судың сапасы өзекті мәселеге айналған. Олар жауапты мекемелерден судың не себепті бұлай ағып жатқанын анықтап, жағдайға түсініктеме беруді сұрайды.
@aktau_akimdigi



