Маңғыстау жаңалықтары
Тренд
Ақтауда Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаев пен самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекенов ұсталды

Ашық дереккөздердің мәліметінше, оларға қатысты адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды aishyq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша Қайнарбаевтың таныстарымен кездесуі кезінде жанжал туындаған. Кейін ер адам кетпек болғанда, оны Бисекеновке тиесілі «Lexus 600» көлігінде күштеп ұстаған деген болжам бар. Күдіктілер оны қала сыртына алып шығуға әрекет жасаған кезде ұсталған.
Айта кетейік, Жансейіт Қайнарбаев Жаңаөзен қаласының әкімі болды. Ал биыл қыркүйек айында Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалды.



