
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу барысында болған қайғылы жағдайға байланысты Ақтаудағы бірқатар мерекелік іс-шара өткізілмейтін болды, деп хабарлайды aishyq.kz cайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 қыркүйекке жоспарланған «Каспий – достық теңізі» фестивалінің ашылу салтанаты, сондай-ақ 27 қыркүйектегі фестиваль-байқаудың жабылу рәсімі мен Ақтау қаласының туған күніне арналған гала-концерт өтпейді.
Ақтау қаласының әкімдігі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақ екендерін жеткізді.


