Маңғыстау жаңалықтары
Ақтауда полиция теңізге түскен адамды құтқарып қалды

Ақтауда полиция қызметкерлері теңізге батқан ер адамға көмек көрсетіп, дер кезінде құтқарды, — деп хабарлайды aishyq.kz
Оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 18:54 шамасында тіркелген.
Облыс орталығындағы 14 шағын аудан маңындағы теңіз жағалауында полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж ер адамды байқаған. Осыдан кейін инспектор Исатай Боранбаев бірден әрекет етті.
“Полицейдің жедел әрі батыл ісінің нәтижесінде қайғылы жағдайға тосқауыл қойылып, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды”, — деп жазылған ІІМ ақпараттық порталында.



