ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Ақтауда оқу-жаттығу жиыны кезінде тоғыз әскери қайтыс болды

Ақтаудағы «Omir Glamping» демалыс базасы маңындағы (қаладан 43 км жерде) Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті, деп хабарлайды aishyq.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлап, жел әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.

«Алдын ала мәлімет бойынша жел 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қазіргі уақытта оның тоғызы қайтыс болды. Оның ішінде үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскерилерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды», — деп жазылған ҚР қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза болғандардың отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі.

Іздестіру жұмыстарының барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер түсуіне және расталуына қарай беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button