Барлық жаңалықтарЖаңалықтарҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Ақтауда өз қызына зорлық көрсеткен әкені полиция арнайы есепке алды

Ақтауда 16 жастағы қыздың әкесінен зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қорының өкілі Ляззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды aishyq.kz.

Оның айтуынша, бүгін түнде құқық қорғаушылар орталығына Маңғыстау облысының тұрғынынан хабар түскен. Хабарламада отбасыдағы әйелдің күйеуінен шамамен 20 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келгені айтылған.

     «Хабарламаға сәйкес, анасы ұзақ жылдар бойы әкесінен отбасындағы зорлық-зомбылықты көріп келген. Ал бүгін түнде 16 жастағы қызы әкесіне арақ сатып алып беруден бас тартқан. Осыған ашуланған әкесі қызын ұрып-соққан», — деп жазды Ракишева Ляззат.

Оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін ұйым өкілдері Ақтау қаласының полиция қызметкерлерімен байланысып, жағдайды хабарлаған. Мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері анасы мен кәмелетке толмаған қызға қажетті көмек көрсеткен екен.

     «Полиция қызметкерлері өтінішімізді дер кезінде қабылдап, анасы мен кәмелетке толмаған қызына қажетті көмек көрсетті», – деді «ҚҚ HUMAN RIGHTS LAWYERS» ұйымының өкілі.

Жарияланған мәліметке сәйкес, ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, қорғау нұсқамасы шығарылған. Сонымен қатар отбасы ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір жыл мерзімге қойылған. Ал жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Өз кезегінде Ляззат Рақышева түнгі уақытта хабарламаға бейжай қарамай, дер кезінде әрекет еткен Ақтау қаласының полиция қызметкерлері мен Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығына алғыс білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button