ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Ақтауда «көк базарда» әйел жүргізуші екі адамды қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы 25 шағынаудандағы «Көк базар» аумағында «Гули» павильонының жанында болды. Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі Toyota Alphard көлігімен соқтығысып, содан кейін екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады aishyq.kz.

Зардап шеккен ер адам мен әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Ер адам тексеруден кейін үйіне жіберілді, ал әйел нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, жүргізуші жылдамдық тетігін шатастырып, артқа қарай жүрмек болған.

Полиция көліктің айыптұраққа қойылғанын және жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады.

Бұл баптың 2-бөлігіне сәйкес, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 40 АЕК (173 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе көлік құралын басқару құқығынан тоғыз айға дейінгі мерзімге айыру көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button