ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Ақтауда екі тұрғыннан 200 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді

Ақтаудың 32 шағынауданында синтетикалық есірткіні жасырып, таратты деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, күдіктілерді жеке тінту және уақытша тұратын мекен-жайларын тексеру кезінде синтетикалық зат салынған орама, электронды таразылар мен қаптама материалдары табылған. Сондай-ақ іске қатысты өзге де заттар тәркіленген.

Қаланың бірнеше шағынауданында жүргізілген тексеру кезінде полицейлер есірткі жасырылған орындарды да анықтады. Нәтижесінде жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын синтетикалық есірткі салынған 41 орама тәркіленді.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, істің мән-жайын анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button