Маңғыстау жаңалықтары

Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтаудағы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігерге шабуыл жасаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл туралы ақтаулық белсенді Азамат Сарсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Aishyq.kz.

Оның мәліметінше, оқиға 31 қазан күні кешкі уақытта дәрігерлер кезекшілігі кезінде болған. Жанжал балалар хирургі мен онкологқа қатысты өрбіген. Белсенді оқиғаның басталған сәті түсірілген видеоны жариялады.

Азамат Сарсенбаевтың жазуынша, дәрігерге шабуыл жасаған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Алдағы уақытта сот оның тергеу кезеңіндегі бұлтартпау шарасын анықтайды. Оған екі айға дейін қамауда ұстау немесе үйқамаққа алу шараларының бірі қолданылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button