Маңғыстау жаңалықтары

Ақтауда балалар дәрігеріне шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Ақтаудағы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 31 қазан күні кешкі уақытта кезекшілік кезінде болған, деп хабарлайды aishyq.kz. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақтаулық белсенді Азамат Сарсенбаев жариялады. Оның айтуынша, жанжал балалар хирургі мен онкологқа қатысты болған. Белсенді оқиғаның басталған сәті түсірілген видеоны да жариялады.

Азамат Сарсенбаев дәрігерге қол көтерген адамның заң алдында жауап беруі керектігін айтады. Сондай-ақ ата-аналардың баласының денсаулығына алаңдап, қобалжуы түсінікті болғанымен, бұл медицина қызметкеріне күш көрсетуге негіз болмайтынын жеткізді.

Оқиғаның нақты себебі мен дәрігерге шабуыл жасаған адамның жауапкершілікке тартылғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button