Жаңалықтар

Ақтауда алаяқтық әрекетімен алтын бұйымдарды алып кеткен екі адам қамалды

Ақтауда алтын бұйымдарына қатысты алаяқтық оқиға тіркеліп, екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Аталған жағдай 22 қазан күні Ақтаудағы «ШУМ» сауда орталығындағы «999» алтын бұйымдары дүкенінде тіркелген.

Белгілі болған деректер бойынша, бейтаныс адамдар сатушының сеніміне кіріп, бағасы 34 195 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарын заңсыз иемденіп, оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді.

Бұл оқиға бойынша Ақтау қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікке ілінген 32 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адам қолға түсірген. Қазіргі уақытат олар Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тексеру барысында ұсталған күдіктілердің елң аумағында гастрольдік сипаттағы алаяқтық қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені анықталып отыр. Қазіргі уақытта олардың еліміздің өзге өңірлерінде жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру мақсатында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button