ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Ақтауда 10 мыңнан астам бала автобусқа артық жолақы төлеп келген
Ақтау қаласының прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында қоғамдық көліктерде кәмелетке толмағандарға арналған тариф бойынша төлем жасауға мүмкіндік беретін QR-кодтардың болмағаны анықталды. Соның салдарынан балалар жолақысын жалпы тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды aishyq.kz.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жергілікті атқарушы орган кәмелетке толмағандарға арналған тарифті қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақтау қаласының прокуратурасы 10 мыңнан астам кәмелетке толмаған жолаушының құқығын қорғады.



