ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Ақтау гарнизонында әскери қызметшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр, деп хабарлайды aishyq.kz.

“Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды”, деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

Естеріңізде болса, бүгін Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 9 сарбаз қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы бірнешеуі іздестіріліп жат қаны айтылды. Оқиға кезінде 19 адамнан тек үш әскери қызметіші ғана құтқару мүмкін болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button