Маңғыстау жаңалықтары

Ақшұқыр ауылында иттер малға шапты

Ақшұқыр ауылында қаңғыбас иттер малға шабуыл жасаған. Зардап шеккен малдардың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады aishyq.kz.  

Желідегі видеода оқиға салдарынан екі құлынның өлгенін көруге болады. Сонымен қатар иттер қой мен ешкіге де шауып, малдың желке тұсынан тістеп, денесін жарақаттаған. Тіпті кейбірінің етін жұлмалап тастаған.

Оқиға ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын туғызып отыр. Себебі иттердің қанша малға шапқаны, бұралқы ит мәселесі қашан және қалай шешілері белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button