Маңғыстау жаңалықтары

«Әділет» партиясының кандидаттары «Тасболат Ойл Корпорэйшн» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясы мұнай-газ саласында шикі мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысатын ірі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын «Тасболат Ойл Корпорэйшн» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесуге партияның Ақтау қалалық филиалының төрағасы Абзал Марат пен облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар мекеме қызметкерлеріне партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, мұнай-газ саласын дамыту, өндіріс тиімділігін арттыру және отандық энергетикалық әлеуетті нығайту мәселелерін талқылады.

Кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру, мұнай-газ саласының өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және еңбек өнімділігін көтеру жөніндегі міндеттерге тоқталды.

«Мұнай өндіру кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуі елдің экономикасы үшін аса маңызды. Өндіріс көлемін арттырумен қатар, қолданыстағы кен орындарының әлеуетін тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және өндірістік үдерістерді жаңғыртуға басымдық берілуі керек. Сонымен бірге сала мамандарының қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету және білікті кадрлар даярлау мәселелері де маңызды», – деді кандидат Абзал Марат.

Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздік, еңбек жағдайын жақсарту, мұнай-газ саласына жас мамандарды тарту, техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлері э толғандырған сауалын қойып, кандидаттардан жауап алды.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button