«Әділет» партиясының кандидаттары «Престиж» жиһаз салонының ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттарының депутаттығына үміткерлер «Престиж» жиһаз салонының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар мекеме қызметкерлеріне партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, шағын және орта бизнесті дамыту, ішкі сауданы қолдау және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту, сауда саласын жаңғырту және экономикалық белсенділікті арттыру жөніндегі міндеттерге тоқталды.
«Шағын және орта бизнес – ел экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Сауда саласы халықтың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көптеген азаматты жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан кәсіпкерлердің тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту, ішкі сауданы дамыту және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру маңызды. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді қолдап, олардың өнімдерін ішкі нарықта кеңінен ұсынуға мүмкіндік жасау қажет. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңір экономикасының нығаюына ықпал етеді»,– деді Анар Шамшадинова.
Кездесу барысында сауда саласындағы кәсіпкерлерді қолдау, бизнесті жүргізуге қолайлы орта қалыптастыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, сауда орындарын заманауи технологиялармен жабдықтау және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ кандидаттар кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты дамуы үшін мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімді болуы, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау бағыттарының маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.



