«Әділет» партиясының кандидаттары «Каспий» су тұшыту зауытының ұжымымен кездесті

Бүгін «Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Каспий» су тұшыту зауытының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелерге тоқталды.
Атап айтқанда, өңірді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, су инфрақұрылымын жаңғырту, өндіріс орындарын дамыту, коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
«Өңір халқының саны артып, өндіріс орындары дамыған сайын суға деген сұраныс та ұлғая түсуде. Сондықтан су тұшыту қуатын арттыру, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабы. Мемлекет басшысы Жолдауында су ресурстарын тиімді басқару мен инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Бұл ретте су өндіру саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі айрықша маңызды. Халықты тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс қажет», – деді кандидат Иса Бимырзаев.
Сонымен қатар кездесуде су шаруашылығы саласын цифрландыру, өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыру, құрылыс жылының маңызы, еңбек қауіпсіздігін сақтау және білікті мамандарды қолдау мәселелері сөз болды.
Жиын соңында зауыт қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, салаға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.













