Қазақстан жаңалықтары
Еліміздегі ең қарт адам өмірден өтті

Еліміздегі ең қарт адам Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды aishyq.kz.
Ол 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Байқадам ауданында өмірге келді. Тұрмысқа шыққаннан кейін Арқаға қоныс аударып, өмір бойы ата кәсіпті серік еткен. Жолдасы Аязбай Темірбаев 96 жасында өмірден озған.



