Саясат
Тренд

Тоқаев пен Герцог Ақордада шағын құрамда келіссөз өткізді

Ақорда резиденциясында Израиль Президенті Ицхак Герцогтің Қазақстанға ресми сапары аясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Израильдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог келіссөздер залына өтіп, шағын құрамда кездесу өткізді.

Қазақстан Президенті израильдік әріптесін құттықтап, Хаим Герцогтің екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырудағы тарихи рөлін атап өтті. Оның айтуынша, 1992 жылдан бері Қазақстан мен Израиль арасында тығыз әрі достық байланыс қалыптасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастық аясында экономика және саясат салаларында елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу ниеті бар екенін білдіріп, бұл қадам Таяу Шығыстағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін қоса алғанда, бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады. Президент Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Back to top button