Спорт

Дастан Сатпаев Англияда алғашқы жеке жүлдесін иеленді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Англияның «Бернли» клубындағы алғашқы жеке марапатына ие болды деп хабарлайды aishyq.kz.

Чемпионшиптің төртінші турында «Бернли» өз алаңында «Мидлсбромен» 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша команда қатарынан үш жеңілістен кейін алғаш рет ұпай еншіледі.

18 жастағы Дастан Сатпаев «Бернлидің» негізгі құрамында үшінші матч қатарынан алаңға шықты. Қазақстандық футболшы кездесудің 81-минутында ауыстырылды.

Ойын барысында Сатпаев қақпаға екі дәл соққы жасап, пас берудегі 94 пайыздық дәлдік көрсеткішіне қол жеткізді.

Матч қорытындысы бойынша Сатпаев ресми түрде кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Оған үздік ойыншыға берілетін арнайы марапат табысталды. «Бернли» футбол клубының баспасөз қызметі қазақстандық футболшының марапатын әлеуметтік желідегі жеке жарияланым арқылы атап өтті.

Дастан Сатпаев «Бернли» сапында Лондонның «Челси» клубынан жалға алу негізінде өнер көрсетіп жүр. Чемпионшиптің төрт турында «Бернли» екі ұпай жинап, турнир кестесінде 23-орында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button