Қазақстан жаңалықтары
Астанада санитарлық талаптарды бұзған самса цехы жабылды
Tұрғындарға самса дайындап, әлеуметтік желі арқылы өнімін жарнамалап келген жеке цехтың жұмысы тоқтатылды, деп жазады aishyq.kz.
Тексеру барысында кәсіп иесінің тағам өндіруге қажетті рұқсаты болмағаны анықталды. Сонымен қатар самса дайындаған жұмысшылар медициналық тексеруден өтпеген.
Осылайша, санитарлық талаптарды бұзған нысанның қызметіне шектеу қойылды.



