
Оралда дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталуға жақын, деп хабарлайды aishyq.kz.
Аталған ел біріншілігінде жекелей салмақ дәрежелері бойынша соңғы жарыс күнінде Маңғыстау облысының балуаны Жантілек Нұртілепов +100 келіде қола жүлдеге ие болды. Осылайша жерлесіміз екінші жыл қатарынан чемпионатта үздіктер қатарына қосылды.
Бұған дейін маңғыстаулық татами шеберлері 4 жүлде иеленген болатын. Олардың қатарында Асқар Нарқұлов 81 келіде күміс жүлдеге ие болса, осы салмақта сынға түскен Азат Күмісбай қола медальға қол жеткізді. Сонымен бірге, әйелдер арасында 48 келіде Аяулым Тұрдыке қола, ал 52 келіде Меруерт Сәрсенова күміс жүлдегер атанды.
Оралдағы «Jaiyq Arena» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан, барлығы 20 өңірден 541 татами шебері қатысқан болатын.
Бүгін еліміздің әр өңірінің татами шеберлері командалық сында өзара мықтыны анықтайды. Айта кететін жайт, былтыр Семейде өткен ҚР чемпионатында Маңғыстау дзюдошылары жалпы командалық есепте көш бастаған еді.
Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының соңғы нәтижелері:
-78 кг
1.Екатерина Токарева (Алматы облысы)
2.Шынар Абатова (Қызылорда облысы)
3.Салтанат Ахметова (Түркістан облысы)
3.Назерке Тілеуханова (Абай облысы)
+78 кг
1.Назгүл Маратова (СҚО)
2.Карина Такиева (БҚО)
3.Камила Берліқаш (Жетісу облысы)
3.Ақерке Рамазанова (Алматы)
-90 кг
1. Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)
2.Ақжол Дүйсенбаев (Қарағанды облысы)
3.Дидар Хамза (Түркістан облысы)
3.Данил Крылов (БҚО)
-100 кг
1.Асқар Біржанов (Қарағанды облысы)
2.Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)
3.Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы)
3.Жалғас Серіков (Алматы облысы)
+100 кг
1. Санжар Жабборов (Қарағанды облысы)
2.Ардақ Серіков (Қостанай облысы)
3.Ильяс Қалидолда (Алматы)
3.Жантілек Нұртілепов (Маңғыстау облысы).



