Маңғыстау жаңалықтары

24 сағаттық кезекшіліктен кейін тағы бірнеше сағат жұмыс: Ақтауда фельдшер еңбек жағдайына қатысты шағым айтты

Ақтау қаласының жедел жәрдем станциясында жұмыс істейтін фельдшер еңбек жағдайына қатысты шағым айтты, деп жазады aishyq.kz.

Қызметкердің айтуынша, тәуліктік кезекшілік таңғы 08:30-да аяқталады. Алайда сағат 09:00-де міндетті «пятиминутка» басталып, жиналыс 1–1,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Фельдшер жиналысқа қатыспаған қызметкерлерге сөгіс берілуі мүмкін екенін айтты.

Ол басшылықтан жиналысты 09:15-ке дейін аяқтауды сұраған. Алайда бұған жауап ретінде медициналық карталарды қатаң тексеру және қателер анықталған жағдайда қызметкерлерді бірден аудитке немесе тәртіптік кеңеске жіберу мәселесі көтерілген.

Қызметкер мұндай жағдай психологиялық қысым тудыратынын айтып, жұмыс уақытын есепке алу, қосымша еңбекақы төлеу және тәртіптік шаралардың заңдылығын тексеруді сұрайды.

Әзірге станция басшылығының бұл жағдайға қатысты ресми түсініктемесі берілген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button