Жаңалықтар

Маңғыстауда Айдар ишан ата туралы фильм түсірілді 

Маңғыстау өңірінің аяулы перзенті, қасиет иесі Айдар ишан Шайхыисламұлы туралы фильм жақын күндері жарыққа шығатын болды, деп хабарлайды aishyq.kz. 

Аты аңызға айналған адам туралы фильмде халық емшісі Орынжан Әбдіжаппаровтың қасиет жолын жалғастыруы туралы айтылады. Жаңа фильмнің авторы Алмас Алтай болса, туындыға Нариман Қойшыбаев режиссер болған.

Аталған рухани дүние Бердіқожа Боранбаев, Асқар Керелбаев, Бекқожа Боранбаев, Болат Кенжебаев сынды азаматтардың қолдауымен түсіріліп отыр.

Айта кететін жайт, бұл «Руханият шырақшысы» деген атпен түсірілген фильм Маңғыстаудағы қасиетті аталарға арналған алғашқы фильм.

Басқа жаңалықтар

Back to top button