Маңғыстау жаңалықтары

«Әділет» партиясының кандидаттары КЖСА ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесті.

Кездесуде кандидаттар мекеме қызметкерлеріне партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдегі коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту және сала мамандарын әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.

Кандидаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерге, әсіресе халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту бағыттарына ерекше назар аударды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық және су ресурстарын тиімді пайдалану, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру міндеттерін атап өтті. Бұл міндеттер партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында да бар. Ақтау қаласында инженерлік-коммуналдық желілерін жаңарту, салаға заманауи технологияларды енгізу маңызды. Сонымен қатар коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуына да назар аудару қажет. Өйткені тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасы осы сала мамандарының жұмысына тікелей байланысты», – деді Анар Шамшадинова.

Кездесуде өндірістік қауіпсіздікті сақтау, еңбек жағдайын жақсарту, техникалық мамандардың біліктілігін арттыру және салаға жас кадрларды тарту мәселелері сөз болды.

Қатысушылар мәслихат депутаттығына үміткерлерге коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар көтерілген мәселелерге жауап беріп, ұсыныстардың назарға алынғанын жеткізді.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button