ЖаңалықтарҚоғамСпорт

Жаңаөзендік файтер мұнайшы киімімен октагонға шықты

Жаңаөзендік ММА файтері Аманжол Жолтай Павлодарда өткен Naiza лигасының кезекті турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды aishyq.kz.

Ол жекпе-жекке мұнайшылардың арнайы жұмыс киімімен шығып, жанкүйерлердің назарын аударды. 77,11 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы Naiza 86 турнирі аясында қарсыласымен кездесіп, айқасты бірінші раундта-ақ аяқтады.

Аманжол Жолтай қарсыласын сабмишн әдісімен жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы файтердің октагонға шығу мәнері де ерекше болды. Ол жекпе-жекке мұнайшылардың арнайы киімін киіп шықты. Осылайша, Жаңаөзеннің мұнайлы өңір екенін және мұнайшылар еңбегіне құрметін спорт алаңында да көрсетті.

Аманжол Жолтайдың кәсіби ММА-дағы қазіргі көрсеткіші – 3 жеңіс, 1 жеңіліс (3-1-0).

Айта кетейік, Naiza 86 турнирі Павлодардағы «Астана» сарайында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button