ДенсаулықЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтары
Тренд

Елімізде медицина қызметкеріне тиіскендер 12 жылға дейін сотталып, миллиондаған айыппұл арқалайды

Елімізде қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қоқан-лоқы көрсету немесе күш қолдану үшін қылмыстық жауапкершілік бар, деп хабарлайды aishyq.kz.

     — Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қарсы күш көрсету қылмыстық жауаптылыққа әкеледі. Иә, жұмысына салғырт қарайтын мамандар кездеседі. Бірақ дәрігерлер таңертеңнен кешкеге дейін халықтың денсаулығы үшін қызмет жасайды. Оларға күш көрсету жай ғана азаматтық іс емес, дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш көрсету полиция қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар, әскерилер сияқты билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеті болып саналады. Сондықтан сабырлы болу керек, — деді заңгер Дәулетхан Ахметов.

Күш қолданамын деп қорқытқаны үшін 200-ден 500 АЕК-ке (865 000 теңге – 2 162 500 теңге) дейін айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Ал өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін күш қолданғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке (2 162 500 теңге – 4 325 000 теңге) дейін айыппұл салынуы, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сондай-ақ 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген.

Егер зорлық-зомбылық адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ауырлататын мән-жайлар болса, жаза мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін ұлғаюы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button