ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда мас күйде көлік жүргізген тұрғын тергеуге алынды

Мұнайлы ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қызмет атқарған полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде екені анықталды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Сонымен қатар жүргізушінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Осыған орай аудандық полиция қызметкерлері тұрғындарға үндеу жасап, көлікті мас күйде басқарудың қауіпті екенін ескертті.

     «Алкогольдік ішімдік ішіп көлік басқару – өз өміріңізге ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін үлкен қауіп. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеңіздер», — деді полиция қызметкерлері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button